"Әділдік және өркендеу" қорының белсенділері форумына кәсіподақ ұйымдарының өкілдері де қатысты.
"Қазіргі уақытта қордың 10 мың жақтасы бар. Қызметтің басты бағыты - еңбек құқығын қорғау. Бұл тұста бағыт-бағдары бізбен үндес серіктесіміз - кәсіподақ ұйымдары. Олардың тәжірибесі мол. Кәсіподақтардың да бізбен ынтымақтасуға мүдделі екеніне қуаныштымыз", - деп атап өтті Қор директоры Дана Рысмұхамедова.
Қор еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау болатын Жосықсыз жұмыс берушілер тізімін қалыптастыра бастады. Бұл бастаманы форумға шақырылған кәсіподақ өкілдері жоғары бағалап отыр.
"Жұмысшыларды көптеген мәселе алаңдатады, тек жалақы, еңбек жағдайы ғана емес, әлеуметтік мәселелер де бар. Мәселен, өмір сүру жағдайы, жолдардың сапасы, балаларының мектептегі тамағы, қалаларды абаттандыру солардың қатарында. Әрине, кәсіподақ осының бәрін қамти алмайды, ал Қор дәл осы мәселелермен айналысады. Сондықтан біз ынтымақтасуымыз керек. Тек күш біріктірудің арқасында еңбек адамына лайықты жағдай жасай аламыз ", - деді «Казуглепроф» көміршілер кәсіподағының жетекшісі Марат Миргаязов.