Новости КАЗ

Тау-кен саласының маманы Райгүл Сағадатованың еңбек жолы

Ол – «Еңбек-2024» арнайы жобамыздың кезекті кейіпкері. Райгүл Сағадатова Донской тау-кен байыту комбинатында жұмыс істейді. Хромтау тау-кен жоғары колледжін бітірген. Еңбек жолын конвейер машинисі қызметінен бастап, қазір учаске операторы болып еңбектеніп жүр. Жұмыста хром кенінен концентрат алу процесіне жауап береді.

– Бастапқыда оңай болған жоқ. Бірақ өндірісті жан-жақсы зерттеп, оқуды жалғастыруға бел будым. Зауытта жұмыс істеп жатқаныма 7 жыл болды. Хромтауда қалғаныма өкінбеймін. Мені әрқашан қолдап жүретін ата-анама алғысым шексіз», – дейді Райгүл Сағадатова.

Райгүлдің ұстанымы – қорқынышқа бой алдырмай, тек алға ұмтылу. Батылдық пен табандылық кейіпкеріміздің табысқа жетіп, өз ісінің шебері болуына көмектесті.