Астанада «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры мен кәсіподақтардың өкілдері бас қосып, жұмысшылардың құқығын қорғауда қоғамдық бақылауды күшейту тетіктерін талқылады. Елдегі еңбек жағдайын жақсарту мәселесіне арналған аралас форматтағы кездесуге республикалық, жергілікті, өңірлік және салалық кәсіподақтардың 23 өкілі қатысты. Бұл кәсіподақтар көмір, өндіруші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім, орман және табиғат қорғау, байланыс сынды салаларда жұмыс істейді.
«Қоғамдық бақылау – еңбек құқығын бұзу жайттарын анықтау ғана емес, алдын алу құралы. Қор жұмысшылардың құқығын қорғау саласында қоғамдық бақылауды қолдану бойынша мол тәжірибе жинақтады. «Әлеуметтік мониторинг», еңбек қауіпсіздігі жөніндегі комиссияның жұмысы секілді жобаларымыз өз тиімділігін көрсетті. Мәселен, биыл еңбек қауіпсіздігі жөніндегі комиссиямыздың мүшелері кәсіпорындардағы еңбек жағдайын тексеріп, негізгі проблемаларды анықтады. Оларды шешу жолдарын ұсынды.
Бұл жұмысты жалғастыру үшін осы іске кәсіподақтарды тарту маңызды. Жұмысшылардың тарапынан да ынта мен белсенділік керек. Біз қауіпсіз еңбек жағдайын жасау үшін бәрімізге күш біріктуді ұсынамыз, - деді Қор директоры Дана Рысмұхамедова.

Елдегі өндірістік жарақат көрсеткіші алаңдатарлық. Былтыр 2670 жазатайым оқиға тіркеліп, 246 жұмысшы мерт болды. Зардап шеккендер саны ең көп өңірлер: Қарағанды (19%), Ұлытау (15%) және Шығыс Қазақстан облыстары (15%). Өңдеу өнеркәсібі (34% жағдай), тау-кен өндірісі (20%) және құрылыс (8%) ең қауіпті салалар қатарында.
Ресми статистикаға сәйкес, жазатайым оқиғалар көрсеткіші 20 жылда азаймай отыр. 2020 жылы 256 жұмысшы көз жұмды, ал былтыр 246 жұмысшы мерт болды.
«Еңбек қауіпсіздігін қорғау – басты мақсат. Өндіріс ошақтарындағы өлім-жітім 20 жылда азаймағанын көріп отырмыз. Бірге әрекет етудің арқасында жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деген ойдамыз. Конфедерация құрамына енетін барлық кәсіподаққа «Әділдік және өркендеу» қоры жайлы мағлұмат беремін. Өңірлерде қормен әріптестік орнатады деп сенемін», - деді Қазақстанның еңбек конфедерациясы бас хатшысының орынбасары Бахыт Қаппаров.

Ал «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығының» жетекшісі Андрей Пригорь:
"Кәсіподақтар үнемі тиісті нәтижеге қол жеткізе бермейді, себебі дені жұмыс берушілерге тәуелді. Кәсіби бірлестіктердің қормен ынтымақтастығы үлкен пайда әкеледі - қор жұмыс берушімен байланысты емес, сіздердің одан тәуелсіз қоғамдық ұйым ретінде барлық қажетті ақпаратты алуға құқықтарыңыз бар", - дейді.

Кездесу аясында қор мен «Казуглепроф» көміршілердің салалық кәсіподағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Қазіргі таңда облыстық салалық кәсіподақтар мен қор өкілдері арасында 10-нан астам келісімге қол қойылған.
«Қордаланған мәселелерді үкімет деңгейінде шешетін уақыт келді. Біз парламентке заңдарға өзгеріс енгізуді ұсынуымыз керек. «Әділдік және өркендеу» қорымен мақсатымыз ортақ. Ойлау бағытымыз бен жоспар бір. Сондықтан мақсатымызға бірге жетуге болады», - деді Марат Миргаязов, «Казуглепроф» көміршілер бірлестігінің жетекшісі.