Новости КАЗ

Кенші күні: Қарағанды облысында шахтерлер мерекені атап өтті

Кенші күні: Қарағанды облысында шахтерлер мерекені атап өтті

«Абай» шахтасында өткен салтанатты жиында 5 шахтерге «Еңбек даңқы» және «Шахтер даңқы» наградалары табысталды.

ІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісін алғандардың бірі - Қайыржан Нұржанов. Ол 'Абай" шахтасының бригадасында 20 жылдан астам уақыт бойы еңбектеніп келеді. Ең үздік кеншілер қатарында. Әрдайым тәжірибелі әріптестерімнен үлгі алатынмын. Олар нағыз еңбек қандай болатынын, қаншалықты қиын әрі қауіпті болғанымын, ел үшін маңызды іс екенін көрсетті, дейді ол.

Ал қазір Қайыржан Нұржанов білген-түйгенін жастарға үйретіп жүр.

Бәріне денсаулық пен жұмыстың қауіпсіз болуын тілеймін. Біз жастарға үлгі көрсетуіміз қажет. Ер адамдарға шахтада жұмыс істеп көруге, өзінің күші мен жігерін сынап көруге кеңес беремін. Шахтер - жауапкершілігі мол, маңызды кәсіп, - деді ол.

Бұл оймен Константин Проценко да келісіп отыр. Ол бала кезінен үлкен көлікке мініп, жер астында жүруді армандапты. Өзі шахтерлер әулетінен. Бұрындары 20-дан астам қарағандылық шахтада кеншілер қолға балға алып, лавада жұмыс істеген. Қазір көп нәрсе өзгерді, дейді Константин. Балалық арманы орындалған тау-кен машиналарының комбайншысы мерекеге орай

ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» наградасын иеленді.

Мен 40 жастамын. 2007 жылдан бері шахтада жұмыс істеймін. Атамның жолын таңдадым. Бұл қызығы мен шыжығы қатар жүретін кәсіп. Кеншілерге жұмыс қауіпсіз болуын тілеймін. Зейнетке ертерек 50 жаста шықсақ, жақсы болар еді, — дейді Константин Проценко.