Алматыда «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму болашағын талдауға арналған Сарапшылық стратегиялық сессия өтті. Шара денсаулық сақтау саласындағы жетекші сарапшыларды, медициналық және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ МӘСҚ Басқармасының және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерін жинады.
Қоғамдық қор жүргізген Әлеуметтік мониторингтің алдын ала нәтижелері азаматтардың медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттанушылық деңгейінің төмен екендігін көрсетті. Сауалнамаға қатысушылардың төрттен бір бөлігі ғана міндетті МӘМС қызметтерінің сапасын жақсы, ал 45%-дан астамы нашар деп бағалалаған. Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан астамы медициналық көмек үшін жеке клиникаларға жүгінуге мәжбүр болып шықты.
МӘМС жүйесі арқылы медициналық көмек алу кезінде азаматтар қандай негізгі мәселелерге тап болады?
Респонденттер учаскелік дәрігерлер тапшылығын, медицина қызметкерлері біліктілігінің төмен деңгейін, тегін стоматологиялық қызметтің болмауын, заманауи жабдықтардың тапшылығын және қабылдауға жазылудың нашар ұйымдастырылуын айтып отыр. Сонымен қатар көп уақыт кезекте тұру, дәрігерлердің немқұрайлы қарым-қатынасы мен қажетті дәрі-дәрмек алудағы қиындықтар да атап өтілген.
Сарапшылар азаматтардың пікірлері мен сұраныстарын ескере отырып, МӘМС жүйесін түбегейлі өзгерту қажеттігін мойындаудың маңызды екендігімен келісіп отыр. «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры сарапшылармен бірлесіп, Қазақстандағы медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған тиімді шараларды әзірлеу және енгізу үшін Үкіметпен және басқа да мүдделі тараптармен ынтымақтасуға дайын.