«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының белсенділері Астанада жұмыс кездесуін өткізіп, ұйымның мақсаты мен міндетін, жұмыс жоспарын талқылады. Басқосуға үкіметтік емес ұйым өкілдері, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп, білім мен экология секілді салада қызмет етіп жүрген белсенді азаматтар қатысты.
Сондай-ақ, Қор белсенділері бұл кездесуге ұйымның мақсаттары мен міндеттерін қолдайтын қоғамдық пікір ұйытқыларын, белгілі бір кәсіби салада есімі танымал белсенді ұстанымдағы азаматтарды, құқық қорғаушыларды, қоғам қайраткерлерін шақырды. Олардың арасында танымал экономист Айдархан Құсайынов, «Сұңқар» медициналық орталығының директоры Қуаныш Керімқұлов, «Қазақмыс» кәсіпорнының кәсіподақ ұйымының өкілі Шәмші Хамзе, жол мәселесін көтеріп жүрген батысқазақстандық белсенді Азамат Мусилов, Бурахан Дақанов, Әсет Оңалбаев секілді белсенді азаматтар бар.
«Әділдік нақты болуы керек, біз нәтиже үшін жұмыс істейміз» деп мәлімдеді дөңгелек үстел барысында Маңғыстау облысынан келген аймақ белсендісі Нұрбол Оқуов.
«Қазақ халқы ежелден әділдікке ұмтылды. Біз үшін әділдік абстрактілі ұғым емес. Ол ата-анадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа берілетін құнды сезім. Дәл қазір Әділетті Қазақстанның қағидалары біздің ортақ іс-әрекетіміздің бағдарламасына айналатын сәт туып тұр», дейді Жетісу облысынан келген белсенді Әлия Ахмедиева.
Дөңгелек үстел қатысушылары ұйымның дамуына қатысты пікірлерімен стратегиялық сессия барысында да бөлісті. Әр өңірге тән проблемаларды анықтап, Қазақстанның әрбір өңірінде Қордың атқаратын нақты іс-шаралар жоспарын бекітті.