Новости КАЗ

Әлем елдерінде кеншілер неше жаста зейнетке шығады?

Әлем елдерінде кеншілер неше жаста зейнетке шығады?
«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры "Қазуглепроф" көмір өндірушілер кәсіподағының кеншілердің зейнетке шығужасын төмендету жөніндегі бастамасынқолдады.

Петиция үкіметті жер астында жұмыс істейтін қызметкерлердің зейнет жасын 50-ге дейін төмендету мәселесін қарастыруға үндейді.

2023 жылы қазақстандық кеншілерге 55 жаста зейнетке шығуға заң жүзінде мүмкіндік берілді. Алайда бірқатар талап бар. Жеті жылішінде зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударғандар ғана отставкаға кете алады. Бұдан соң бұрынғы кеншілерге бірнеше төлем көзінен «әлеуметтік төлем» есептеледі. Бұл сома шамамен 200 мың теңге. Төлем аз болғандықтан, кеншілердің дені басқа жолды таңдауға мәжбүр. Ол жол - мүгедектік рәсімдеп, жеңілірек жұмыс істеуді жалғастыру.

Шахта шаңымен тыныс алу салдарынан кеншілер арасында ең көп таралған аурулар пайда болады. Жер астындағы жұмыс неврологиялық дерттерге және жүрек-тамыр жүйесінің патологиясына әкеп соғады. Әлемде кеншілердің кәсіби сырқаттары кеңінен зерттелгенімен, Қазақстанда бұл саладағы статистика жарияланбайды.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, көптеген елде металлургтердің зейнетке шығу уақыты жасқа емес, еңбек өтіліне байланысты.

Украинада толық жұмыс күнін жер астында өткізетіндер, аса зиянды және аса ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер 50 жасқа толғанда зейнетке шыға алады. Ол үшін ерлердің еңбек өтілі 25 жылдан кем болмауға тиіс. Оның кем дегенде 10 жылы жоғарыда атап өтілген еңбек жағдайында өтуі керек. Ал әйелдерде еңбек өтілі 20 жылдан аз емес, оның 7 жыл 6 айы жоғарыда атап өтілген еңбек жағдайында болуы шарт.

Бұл тізімге тау-кен, геологиялық барлау, шахталардағы жерасты жұмыстарымен айналысатындар, сондай-ақ оларға қызмет көрсететіндер, мәселен, медициналық қызметкерлер кіреді.

Ресей Федерациясының заңнамасында "сақтандыру зейнетақылары туралы" Заңның 30-бабына сәйкес мерзімінен бұрын сақтандыру зейнетақысы белгіленген.

Ол ер адамдар 50 жасқа толғанда және әйелдер 45-ке толғанда белгіленеді. Шарты – ерлер кем дегенде 10 жыл, әйелдер 7 жыл 6 ай жерасты жұмыстарында, денсаулыққа зиян еңбек жағдайында, ыстық цехтарда жұмыс істеуге тиіс. Сақтандыру өтілі 20 жылдан және 15 жылдан кем болмауы қажет.

Өзбекстанда да жеңілдетілген зейнетақы қарастырылған. Өзбекстан Республикасының «Азаматтарды мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының 11-бабына сәйкес, толық жұмыс күнін жер астында өткізетіндер, аса зиянды және аса ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер мынадай жеңілдікке ие болады: жалпы белгіленген жас 10 жылға азайтылады. Ерлер – 50 жастан; әйелдер – 45 жастан. Ер адамдар кем дегенде 20 жыл, оның 10 жылын жоғарыда айтылған еңбек жағдайында өткізуге тиіс. Әйелдер болса, кем дегенде 15 жыл және оның ішінде 7 жыл 6 ай бойы жұмыс күнін жер астында, аса зиянды және аса ауыр еңбек жағдайында өткізуі керек.

Польшада қолданыстағы зейнетақы жүйесі аясында тау-кен өнеркәсібінде 15 жылдық еңбек өтілі болған жағдайда 50 жаста зейнетке шығуға болады.

Эстонияда жеңілдетілген шарттармен зейнет жасына толғанға дейін зейнетке шығу құқығы беріледі (2024 жылы - 64 жас және 9 ай).

Бұл құқықты денсаулыққа зиян келтіретін еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамд аралады: шахталардағы пайдалы қазба өндірісінде, геологиялық барлау жұмыстарында, дренаждық шахталарда, шахталар құрылысы бойынша жерасты жұмысындағылар.

Олар зейнетақы жасына 10 жыл қалғанда зейнетке шыға алады. Бұл үшін зейнетақы өтілі 20 жылдан кем болмауға тиіс. Оның 10 жылы осы мамандықтар бойынша немесе осы жұмыстарда өтуі шарт.

Қазіргі уақытта Қазақстанда кеншілер денсаулығына зиян екеніне қарамастан, 20-30 жылдан астам уақыт бойы жер астында жұмыс істеуге мәжбүр екенін айтады. Қазіргі әлеуметтік жүйе оларды қорғамайды.

Осы жағдайға бей-жай қарамайтын барлық азаматты кеншілердің зейнетке шығу жасын төмендету туралы петицияны қолдауға шақырамыз

https://epetition.kz/petition/742b851a-ec1d-4ddc-ae1e-e04bf392d16a?commentPage=0.