«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры арнайы онлайн жоба аясында қазақстандықтарға тегін заңнамалық көмек көрсетуді қолға алды. Бұл кездесулер YouTube платформасындағы «Әділдік құқығы» интернет-қабылдауында жүзеге асырылады. Тәуелсіз құқық қорғаушы заңгер, заң ғылымдарының магистрі, Астана қаласының Заң консультанттары палатасының заңгері Аржан Сәдуақас бірінші онлайн-стрим барысында келіп түскен сұрақтардың түр-түріне жауап берді.
Онлайн қабылдау көрермендерін жұмыс берушінің қызметкерге қысым көрсету тақырыбы қызықтыратыны белгілі болды. Спикер бұл сұраққа тұшымды жауап берді.
«Егер де басшылық жұмыста қандай да бір қысым көрсетсе, ондай кезде оны міндетті түрде ұялы телефонға немесе өзге де бір құрылғыларға жазу қажет. Бұның барлығы не үшін керек? Оның бейнесін сақтау немесе дауысты сақтау мақсатында емес, ол болашақта сіз өз құқықтарыңызды сотта дәлелдеу үшін, қорғау үшін қажет. Себебі, сотта тек қана дәлелдемелер ғана ескеріледі. Оны еңбек инспекциясына көрсетіп, қысым көрсетіліп жатқанын, псиxологиялық тұрғыдан қысым осы көрсету, мысалы буллинг бар. Әріптестер арқылы басшылықтың қысым қысым көрсетуі. Оның барлығын дәлелдеме жинау арқылы дәлелдей аласыз. Ал, егер құр сөз ғана болса, маған қысым көрсетті деген, бірақ оны дәлелдей алмасаңыз, онда, өкінішке қарай, жұмыс берушімен мұндай дау болашақта туындаса, онда сіздің ұтылуыңыз әбден ықтимал»,-деді заңгер.
Сондай-ақ азаматтарды жұмыс берушінің әділсіз әрекеттері де алаңдататын көрінеді. Мәселен, көрермендердің бірі тәжірибеде жиі кездесетін жағдайды суреттеп берді. Ол тағылымдамадан өткенде жұмыс берушінің қандай да бір себептермен адамды жұмысқа алмау жайлы сұрақ жолдады. Заңгер осындай кезде жұмысшының өз құқығын сотта қорғап қалу тәсілімен бөлісті.
«Жұмысқа еңбек заңнамасына сәйкес алады, бірақ 3 айлық тәжірибе көрсетіледі, тағылымдаман өту керек. Тағылымдамадан өтпеген жағдайда жұмыстан босатылады немесе еңбек шарты әрі қарай созылмайды деген осындай бір ережелерді шартта көрсетіп қояды. Бұл кезде егер де жұмысқа орналасқан қызметкер тағылымдамадан өтпеді деп сондай сылтаумен жұмыстан шығарған болса, оны жұмыс беруші дәлелдеу керек. Ол субъективті түрде жұмыс жасаған жоқ, тағылымдамадан өткен жоқ деген ондай пайымдар сотта өтпейді. Сол себептен, жұмысшы, көбінесе, ондай істерді ұтып жатады. Оның қандай да бір сөздері, субъективтік бір ойлары жұмысын жасай алмайды деген, олар дәлелдеме болып саналмайды. Еңбек заңнамасына сәйкес мұндай сөздер күшін сақтамайды. Ол өтірік бір сылтау болып саналады»,-деді Аржан Сәдуақас.
Стрим барысында еңбек келісімшартын жасамайтын жұмыс берушілерді еңбек жарақатына байланысты төлем төлеуге міндеттеу жайында сауал жолданды. Аржан Сәдуақастың хабарлауынша, мұндай кезде қызметкер шарттың бар-жоғына қарамастан, қаражатын алуға толық құқығы бар.
«Еңбек шартына қол қоймай, жұмыскер жұмысын бастаған болса, онда оның қызметі міндетті түрде заңға сәйкес деп есептеледі. Шарттың болмағаны жұмысшының айлық алуға немесе де өзге де еңбек заңнамасында көрсетілген белгілі бір пайдалы төлемдерді алуға кедергі болып саналмайды. Себебі, ол жұмысты бастап кетті, еңбек шарты жасалмай. Бұл жерде жауапты - тек жұмыс беруші ғана. Жұмыс берушіні жауапқа тартуға болады. Еңбек шартын жасамай қызметкерді жұмысқа кіргізгені үшін. Көбінесе, мұндай жағдай құрылыста болуы мүмкін. Тағы басқа жерлерде болуы мүмкін. Сол себепті, жұмысшы еңбек жарақатын алған болса, еңбек заңнамасында көрсетілген төлемдер міндетті түрде төленеді», -деді ол.
«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры бастамашы болып отырған жоба тұрақты түрде өткізілетін болады. Келесі трансляцияда демалыс кезінде қосымша жұмысқа тарту, жұмыс беруші мен қызметкер арасында болатын даулар жайында сөз қозғалады. Көрермендер өз сауалдарын қазақ және орыс тілдерінде жолдай алады. Ол үшін сұрақтарды алдын ала adildik.org.kz@gmail.com электронды мекенжайына немесе стрим уақытында жіберу мүмкін.
Айта кетерлігі, мұндай онлайн қабылдаулар мен тікелей трансляциялар азаматтарымыздың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Бұл платформа еңбек құқықтарын қорғауды жақсарту бойынша тәжірибе мен ұсыныстар алмасу алаңына айналатыны сөзсіз.