Новости КАЗ

АИДА АХМЕТОВА: ауыл тұрғындарының өмірін күш-жігерімізді біріктіріп жақсарта аламыз

Біз «Қор жақтастары» айдарын жалғастырамыз. Бүгін біз еңбек адамы Аида Ахметова туралы айтамыз.

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының жақтасы Аида Ахметова Батыс Қазақстан облысының Круглоозерное кентінде тұрады. Ол жолдасымен бірге екі бала тәрбиелеп, туған өлкесінің қоғамдық өміріне белсене атсалысады. Кәсіби киіз шебері қайырымдылықпен айналысып, шала туылған сәбилерге арналған заттар тоқиды.

Аида Ахметова шағын ательеде жұмыс істейді. Соңғы бір жарым жылда киіз бұйымдарымен айналысып жүр. Ол үшін нәзік жанды дәстүрлі киіз басу техникасын меңгеріп, қайырымдылық грантын жеңіп алды. Бұл қаражат есебінен қолөнерші жүн мен тігін машинасын сатып алды.

«Мен түрлі шеберлік сабағына қатыстым. Киізді басу өте көп уақытты қажет етеді. Алайда мұндай бұйымдар бүгінде сәнге айналғанын ескеру қажет. Қазір ата-бабамыздан қалған тоқыма бұйымдар жасаудың ең көне техникасы заманауи дизайнерлер мен тігіншілердің қызығушылығын туғызады. Бұл материал ешқашан өзектілігін жоғалтпайды», - дейді Аида Ахметова.
Аиданың қолөнерге деген құштарлығы 2013 – жылы нәрестесі 2139 грамм салмақпен туылғанда көмектесті. Содан кейін жас ана «28 ілмек» қайырымдылық клубы туралы біліп, соның құрамына кірді. Жобаға қатысушылар салмағы аз балаларға арналған таза жүннен жасалған бұйымдар тоқып, перинаталды орталықтар мен жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшелерін тоқылған бұйымдармен тегін қамтамасыз етеді.

«Көрпелер, бас киім мен шұлықтарды 100% жүннен тоқу керек және мұндай киімнің «тікендері» болғаны абзал. Ол баланың денесін жылытып қана қоймай, жеңіл шаншу арқылы жүйке ұштарына ықпал етеді. Неонатологтардың пікірінше, бұл сәбилердің толыққанды дамуы үшін қажет», - дейді Аида Ахметова.

Қазір оның мерзімінен бұрын дүниеге келген ұлы мектепте өте жақсы оқиды және жан-жақты дамып келе жатыр. Осы жылдар аралығында қолөнерші сәбилерге киім тоқуды жалғастырып келеді және қайырымдылық шараларына мүмкіндігінше көп адамды тартуға тырысады.

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының өкілі және азаматтық ұстанымы бар тұлға ретінде ол туған ауылының дамуына сүбелі үлесін қоспақ. Аиданың айтуынша, ауылдық округте проблема жеткілікті, олардың басым бөлігі инфрақұрылыммен байланысты.

«Қалалық және ауылдық жерлерде білім беру, өмір сүру сапасын арттыру мәселелері назардан тыс қалмауы тиіс. Біз, Қазақстан азаматтары, жоғары деңгейде өмір сүргіміз келеді. Ол үшін әрқайсымыз ауыл, қала және өңірлердің дамуына өз үлесімізді қосуға дайын болуымыз керек», - деп түйіндеді Аида Ахметова.

Белсенді ұйымның әділетті Қазақстан құруға бағытталған Манифестінде көрсетілген қағидаларды толық қолдап, жерлестерін ауыл өмірін бірлесіп дамыту үшін «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ жақтастары қатарына қосылуға шақырады.