Астанада өткен «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өңірлік өкілдері Қор бөлімшелерінің жұмысындағы негізгі бағдарларды белгіледі. Сондай-ақ белсенділер аймақ тұрғындарын толғандыратын қоғамдық маңызды мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын бірге іздестіріп көрді.
Қордың Қарағанды облысындағы филиалының басшысы Төлеутай Естекбаевтың айтуынша, өкілдіктің іс-қимыл жоспары халықтың ұсыныстары мен қоғам белсенділері жүргізген әлеуметтік мониторинг нәтижелері негізінде құрылады. Қарағанды облысының тұрғындары өңірдің әлеуметтік әл-ауқат деңгейін төмен деп санайды.
«Облыс ұжымдарымен кездесулерде, әдетте, ТКШ, білім беру, еңбек қатынастары, экология, жастарды жұмысқа орналастыру салаларындағы проблемалар айтылады. Білім беру саласының біздің жұмысымыздағы жоғары. Педагогтер бас аттестаттау кезінде еңбек өтілін есепке алмау, сырттай білім алуға тыйым салу және басқа да мәселелерді көтереді. Техникалық қызметкерлер еңбек шартында көзделмеген жұмыстарға тартып, оған тиісінше жалақы төленбейтініне шағымданады. Өз кезегінде колледж қызметкерлері педагогтардың түлектерді жұмысқа орналастыруға жауапкершілігінің заңға қайшы келетінін айтады. Мұғалімдердің пікірінше, ауыл шаруашылығы саласының мамандары нарықта жоғары сұранысқа ие, бірақ «еңбек биржасы» оларды қабылдауға әрдайым дайын емес. Осыған байланысты Қордың өкілдігі өңір тұрғындарымен жұмыс істеу үшін іс-әрекеттер платформасын құру бойынша жұмыс істеуде.
Қордың құрылуы халықтың мәселелерін баламалы тәсілдермен, ал қажет болған жағдайда – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта шешу қажеттігін растайды.
Әзірге біздің өкілдік өңірдің ішкі саясат басқармасымен танысу және алдын ала уағдаластықтар деңгейінде байланыс орнатты, бірақ өзара іс-қимыл перспективалары, оның ішінде Меморандум аясындағы өзара әрекеттесетініміз анық. Облыстық Азаматтық альянс дирекциясы, облыстық медиация орталығы меморандумдар жасасуға қызығушылық танытып, бастаманы қолдады. Біз олармен ынтымақтастық орнатудың арқасында, атқарып жатқан жұмысымызға жұртшылық, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ-тың назарын аударуға бағытталған іс-шаралар кешенін, сондай-ақ еңбек жанжалдарын шешу мен алдын алудағы практикалық істерді жүзеге асырмақшымыз. Бірінші кезекте біз «Қоғамдық бақылау туралы» Заңды іске асыру аясында «проблемалық» кәсіпорындармен өзара іс - қимыл жүргіземіз, - деді белсенді.