Орал қаласында «Әділдік және өркендеу» қорының ұйымдастыруымен жол құрылысы мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты, адвокат Мереке Ғабдуалиев біздегі жол құрылысы жемқорлықтан басталады деген пікір айтты. Яғни, оның айтуынша, жол құрылысы жобасында қос тарап үнсіз келісетін тұстар көп.
– Мен сараптамамен айналысамын. Бұл реттегі жемқорлықты байқамау мүмкін емес. Жемқорлық та келісімнің бір түрі. Екі тарап та мүдделі болса, жемқорлық фактісі жайлы ешкім білмейді. Сондықтан шығынды қысқартып, жоба құнын арзандатады. Нәтижесінде, сапасыз жол, оның азабын тартатын қарапайым халық, - дейді заңгер Ғабдуалиев.
Естеріңізге сала өтейік, біздің қор жол сапасына қатысты әлеуметтік сауалнама жүргізіп жатыр, мына сілтеме арқылы өтіп, сұрақтарға жауап бере аласыз.