«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ өкілдері Қызылорда облысында көшпелі кеңес өткізіп, белсенді тұрғындар және ұйымның жергілікті жақтастарымен кездесті. Жиынға қатысушылар өңірдегі өзекті мәселелерді талқылап, болашақ іс-қимыл жоспарын айқындады.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысында Қор жақтастарының саны 232 –ге жетті. Олар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты өзінің идеяларын ұсынып қана қоймай, ұйым бастамаларын қолдап, оларды өздері жүзеге асыруға атсалысады.
Көшпелі кеңес барысында «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Қуаныш Тайшыбеков ұйым қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндады. Ол ұйым Манифестінде жұмысшылардың құқықтарын қорғау, барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, кірістерді бөлудегі әлеуметтік әділдік, әр азаматтың қадір-қасиетін құрметтеу және қорғау, заң алдындағы теңдік, азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы туралы 6 қағиадат қамтылғанын атап өтті.
«Қазақстандықтар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әділ Қазақстанды құруға бағытталған саяси реформаларын қолдайды. Бұл реформалар біздің Қоғамдық қорды құруға негіз болды. Бүгінгі таңда белсенді азаматтар оң өзгерістер туралы айтып қана қоймай, оны жүзеге асыруға өздері де күш салуға дайын. Біздің көшпелі кездесуді Қор белсенділері ұйымдастырды, күн тәртібінде Қызылорда облысы тұрғындарының ұсыныстары бар», - деді Қуаныш Тайшыбеков.
Сондай-ақ ол Қоғамдық ұйымның барлық аймақтағы жұмысының алғашқы нәтижелерімен бөлісті. Қор белсенділері тек Қызылорда өңірінің өзінде тұрғындармен 60 жеке кездесу, 20 ұжымдық басқосу және облыстағы сала басшыларының қатысуымен 3 ірі іс-шара өткізді.
«Әділдік және Өркендеу» Қорының Қызылорда облысындағы филиалының өкілі Анар Ізден азаматтық қоғам проблемаларды шешуде халық пен мемлекет арасында байланыс орнататын көпірге айналғанын атап өтті.
Жыл басында Қоғамдық қор денсаулық сақтау саласындағы ахуал мен МӘМС жүйесі бойынша көрсетілетін медициналық көмек сапасы жөнінде әлеуметтік мониторинг жүргізді. Оған қызылордалық белсенділер де атсалысты. Мониторинг нәтижесінде сирек кездесетін мамандардың қабылдауына бару, жабдықтармен қамтамасыз ету, білікті кадр тапшылығы және сапасыз қызмет көрсету мәселелері қаралды. Кездесу барысында «Шапағат» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығының директоры, қоғам белсендісі Шынар Жеңсікбаева осы түйіткілдерді шешу бойынша өз ұсыныстарын айтты.
«Қызылорда әйелдер ақпараттық орталығы» ҚБ төрағасы, Қордың жақтасы Айымхан Молдахметова маусымдық қызметкерлердің құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелеріне тоқталды. Жақында Қордың Қызылордағы өкілдері осы тақырып аясында сараптамалық сессия өткізді, талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар әзірленді. Мәселен, Қызылорда облысының бақылау басқармасына маусымдық қызметкерлердің құқықтарын қорғау бойынша кешенді шаралар жоспарын қоғамдық ұйымдармен бірлесіп әзірлеу ұсынылды.
Сонымен қатар көшпелі кеңесте Қор белсенділері - «Медиум» ЖШС қаржы директоры Ерұлан Мирсеріков пен ерікті Людмила Лучникова сөз сөйледі. Олар еңбек адамдарының құқықтарын қорғауға, сондай-ақ Қор және азаматтық сектордағы басқа ұйымдар жүргізетін жұмыстың маңыздылығына қатысты өз ойларымен бөлісті. Ал, Қызылорда облысы мүгедектер қоғамының төрағасы Сағатбек Сиюов мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау мәселесін көтерді.
Кездесу соңында қатысушылар Қоғамдық қордың қызметін күшейтуге бағытталған бірқатар ұсыныс әзірледі.
«Қоғамдық күштер бірігіп, белсенді болған кезде ғана мәселелерді тез әрі тиімді шешуге болады. Бүгінгі кездесу аймақтардағы Қор жақтастарының жұмысына серпін береді. Біз Қоғамдық қордың Манифестінде әділ Қазақстанды құру, қарапайым жұмысшылардың мәртебесін көтеру мен олардың құқықтарын қорғаудың маңызын атап өттік. Біз еңбек адамдарының құқықтарының тапталуына жол бермеу арқылы елімізде жаңа әділ қоғамның қалыптасуына ықпал ететін боламыз. Ол үшін мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және белсенді тұрғындар өзара ынтымақтасып жұмыс істегені маңызды», - деп қорытындылады Анар Ізден.
Естеріңізге сала кетейік, «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры өңірлердегі жақтастары мен азаматтық белсенділермен көшпелі кездесулер өткізіп жатыр. Іс – шаралардың мақсаты - өңірлік күн тәртібін жете түсініп, жұмыстарды үйлестіру және облыстардың ерекшеліктерін ескере отырып, мұндағы іс-қимыл жоспарларын айқындау. Бұған дейін қоғам қайраткерлерінің өңірлік кездесулері Ақмола және Қарағанды облыстарында өткен болатын.
Жиын қатысушыларының барлық ұсынысы, идеялары мен ұсынымдары Қоғамдық қор жанындағы Сараптамалық комиссияның отырысында қаралып, Үкіметке жіберіледі.