«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры «Жомарт» кенішіндегі апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтады. Бұл – бәріміз үшін орны толмас қаза.
Шахтер еңбегі - ел экономикасын еселейтін үлкен күш, алайда ешбір өндірістік міндет адам өмірінен қымбат болмауы тиіс. Біз осы қайғылы оқиғаның себептері мұқият тергеліп, жұмысшылардың қауіпсіздігі басым басымдыққа айналады деп үміттенеміз.
«Әділдік және өркендеу» қоры тергеу барысын қадағалап, мұндай апаттардың алдын алу үшін нақты шаралар қабылдануын талап ететін болады. Еңбек адамдары үшін қауіпсіз жағдай жасау – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Біз жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын қорғау материалдық мүдделерден жоғары тұруы керек деп санаймыз. Мемлекет пен жұмыс берушілер қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де жүзеге асыруы тиіс.
Марқұмдардың рухы пейіште шалқысын. Жақындарына осы ауыр қайғыға төтеп беретіндей күш-қайрат тілейміз.