Қарағанды облысындағы Абай қаласының Жастар ресурстық орталығы «Әділдік және Өркендеу» Қорының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дамытудағы қызметін қолдайды.
Қордың Қарағандыдағы филиалының өкілдері «Жастар Альянсы» қоғамдық бірлестігі мен Abay Jastary жастар ұйымының белсенділері және еріктілерімен кездесуде азаматтар мен мемлекеттің өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады. Қоғам қайраткерлерінің пікірінше, әрбір қазақстандық шешім қабылдауға қатыса алады және қатысуға тиіс.
«Билік ашық болып, әр азаматтың мүддесіне сай әділетті қоғам құру үшін халықтың қажеттіліктерін естіп, білуі керек. Біз азаматтардың мемлекеттік органдардың экономикалық, басқарушылық, әлеуметтік және экологиялық шешімдерін талқылауға қатысуының түрлі тетігін құрып, дамытамыз. Біз азаматтардың өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсарту үшін қоршаған ортаны қорғауға және ластайтын заттарды азайтуға бағытталған бастамаларды қолдаймыз», - деп атап өтті жастар ұйымдарының көшбасшылары.
Ресурстық орталықтың еріктілері мен белсенділері өңірде 10 жылдан астам жұмыс істеп келе жатыр. Олар мұқтаж жандарға, ардагерлерге және зейнеткерлерге көмектеседі. Қоғам белсенділері экологиялық акциялардан бастап мектеп оқушыларына арналған тақырыптық байқауларға дейін түрлі іс-шараларға қатысады.
Барлық азаматтарға арналған Манифест - үндеу «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ басты құжаты болып табылады. Онда Қор жұмысының басым бағыттары көрсетілген. Манифестке онлайн қол қою арқылы кез келген адам Қордың жақтастары қатарына қосыла алады.