«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры отандық өндіріс ошақтарында еңбек қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған Мемлекет басшысының бастамаларын толығымен қолдайды.
Тау-кен саласындағы ауқымды апаттар жиілеп кетті. 2025 жылдың 17 ақпанында Ұлытау облысында «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» кен орнында тау жынысы опырылып, 7 кенші қаза тапты.
Бұған дейін 2023 жылдың 28 қазанында Қарағанды облысындағы «Арселор Миттал Теміртау» (қазіргі Qarmet) компаниясына тиесілі «Костенко» шахтасында болған жарылыс 46 кеншінің өмірін қиған болатын.
Қабырға қайыстырған осындай апаттардан соң заңды сұрақ туады: сала көл-көсір табыс әкеліп отырса да, қазақстандық кеншілердің өмірі неге қыл үстінде тұр?
«Қазақстан жыл сайын миллиондаған тонна көмір, мыс пен мырыш өндіреді. Компаниялар экспорт көлемі жайында рекордтар орнатып, миллиардтап кіріс тапқанын мақтана айтып жатады. Ал, кеншілердің қауіпсіздігі үшін үнемі ақша жоқ. Бұл кен орындары иелеріне кеншілердің өмірі арзанға түсіп отыр, ал біз көңіл айтудан шаршадық, нақты өзгерістер керек», дейді ұлытаулық кенші әрі Қордың еңбек қауіпсіздігі жөніндегі комиссиясының жетекшісі Шәмші Хамзе.
«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек қауіпсіздігі үшін күреседі. Былтыр қордың еңбек қауіпсіздігі жөніндегі комиссиясы елдегі бірқатар ірі кәсіпорындарда мониторинг жүргізіп, еңбек ұжымдарымен кездесіп, өндірістегі жазатайым оқиғалардың ашық тексерілуіне күш салды.
Қоркәсіподақтармен ынтымақтасып, жұмысшылардың құқығын қорғау мәселелерін түрлі форматта айтып, талқылап келеді.
Былтыр 14 ақпанда қордың бастамасымен «Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі» деген тақырыпта үлкен жиын өтіп, бұл мәселеге жауапты барлық тараптың басын қосты.
Сондай-ақ, өткен 2024 жылы қор өкілдері еңбек ұжымдарының, мемлекеттік инспекциялардың және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен оннан астам кездесу өткізді. Осы іс-шаралар барысында жазатайым оқиғалардың себебін тергеудегі ашықтық, қоғамдық бақылауды күшейту әрі тиімді ету жолдары қызу талқыланды.
Қордың еңбекті қорғау жөніндегі комиссиясы өнеркәсіптік кәсіпорындарға үнемі мониторинг жүргізеді. Өткен жылы қор көмір, металлургия және мұнай-газ салаларындағы негізгі өнеркәсіптік объектілеріне арнайы барып, техникалық жағдайы, еңбек жағдайларының нормативтік талаптарға сәйкестігін тексеріп, жұмысшылардың өздерімен тілдесіп, жағдайға қанықты.
Тексеру барысында заң бұзушылықтар анықталды: желдету жүйелерінің стандарттарға сәйкес келмеуі, ескірген жабдық, жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі және тағы басқалар. Комиссия жазатайым оқиғаларды тергеу мәселелеріне ерекше назар аударғанмен, кейбір жұмыс берушілер ақпаратты толық беруден бас тартқанын да айта өту керек.
Мониторинг нәтижесінде анықталған проблемаларды дереу жою бойынша ұсыныстармен мемлекеттік бақылаушы органдарға берілді.
Алайда, соңғы оқиғалар мұндай бақылау тетіктерінің жетімсіздігін көрсетіп отыр.
Еңбек қауіпсіздігі саласында Президент атап өткен жағдайларды ескере отырып, «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры бірқатар бастамаларды ұсынады.
Отандық кәсіпорындардағы қауіпсіздік нормаларын бақылау үшін қоғамдық бақылаудың тәуелсіз жүйесін құру қажет.
·тәуелсіз сарапшылар мен кәсіподақ өкілдерінің қатысуымен жыл сайын ірі кәсіпорындарда қауіпсіздік аудитін жүргізу. Бұл жұмысты қор былтырдан бері жүргізіп келеді. Қор өкілдері кәсіпорындарға барып, кәсіподақ ұйымдарымен меморандумға қол қойып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасын және өзге де үкіметтік емес ұйымдарды серіктестікке шақырады;
·қауіпсіздік техникасының бұзылғаны жайында жұмыскерлердің шағымдары жиналатын қоғамдық платформа құру;
·қоғам өкілдері мен кәсіподақтардың отандық кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігіне қатысты ақпаратқа қолжетімділігі құқығын заңмен бекіту.
Еңбек қауіпсіздігі нормаларын жиі бұзатын кәсіпорындарды «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры жосықсыз жұмыс берушілер Реестріне қосады. Бұл өткен жылдың соңында қор жария еткен бастамалардың бірі.
Мақсат – еңбек адамдарының құқығын қорғау, қоғамдық бақылауды күшейту және Еңбек кодексін бұзған компаниялардың атын көпке жария ету. Жосықсыз жұмыс берушілер тізімі қауіпсіздік техникасын сақтауға байланысты критерийлер бойынша да жасақталады:
·кәсіпорындағы жазатайым оқиғалардың саны;
· өндірістегі жазатайым оқиғаларды жасыру жағдайлары;
·қауіпсіздік нормаларын сақтау деңгейі.
Сондай-ақ, жұмысшылардан кері байланыс алу мүмкіндігімен өндірістегі еңбек жағдайларын тәуелсіз бағалау үшін цифрлық платформа әзірленуі керек.
Қордың негізгі бастамаларының бірі – қауіпті өндірістегі жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын жұмыс берушінің есебінен міндетті сақтандыруға қол жеткізу. Осыған байланысты «Әділдік және өркендеу» қоры келесі бастамаларды ұсынады:
· өндірісте мертігу немесе қайтыс болған жағдайда берілетін төлмедерді қамтамасыз ету үшін жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерді міндетті сақтандыру жүйесін енгізу;
· еңбек қауіпсіздігі нормаларын сақтамаған кәсіпорындарға, олардың қызметін толығымен тоқтатуды қоса есептегенде, санкцияларды күшейту;
·ірі өнеркәсіптік компаниялар мен мемлекеттің қатысуымен кеншілерді сақтандыру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды ашық тергеу үшін қор келесі әрекеттерді маңызды деп санайды:
·өндірістегі барлық ірі апаттарды жариялы түрде тергеу тәжірибесін енгізуді;
·кәсіподақтардың, қоғамдық ұйымдардың және тәуелсіз мамандардың өкілдері кіретін тәуелсіз сараптама жүйесін құруды;
·өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру деректер базасына барлық азаматтардың толық онлайн-қолжетімділігін ұйымдастыруды.
Еңбекті қорғау жүйесін реформалау туралы президенттік бастаманы іске асыру үшін Қор келесі басамаларды ұсынады:
·жұмыс берушілерді жыл сайын өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы есепті жариялауға міндеттейтін Еңбек Кодексіне түзетулер енгізу;
·еңбекті қорғау нормаларын бұзғаны үшін айыппұлдарды ұлғайтуға және жазаларды қатаңдатуға қол жеткізу;
·әрбір кәсіпорында еңбек қауіпсіздігін міндетті минималды қаржыландырудың ұлттық стандартын әзірлеу.
Президенттің еңбекті қорғауды цифрландыру жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында Қор келесі қадамдарды ұсынады:
·өндірістік объектілерде кемшіліктерді онлайн-тіркеу мүмкіндігін қамтамасыз ететі еңбек қауіпсіздігінің цифрлық мониторингі жүйесін енгізу;
·қауіпсіздік ережелері бұзылғаны туралы жұмысшылар жасырын түрде хабарлай алатын мобильді қосымшаны іске қосу.
·жұмыс берушілер үшін еңбекті қорғау нормаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін электрондық чек-парақтар жүйесін енгізу.
«Жұмысшылар әлдекімдердің бақуатты өмірі үшін өз өмірлерін қатерге тігеді, бұлай жалғаса беруі мүмкін емес», дейді кеншілер үшін ашынған Шәмші Хамзе.
Оның айтуынша, жұмысшылардың денсаулығы мен өмірін қорғауға қаражат бөлмейтін компания басшылары үшін жазаны қатаңдатып, өнеркәсіптік қауіпсіздікке қойылатын талаптарды шұғыл қайта қарастыру керек.
Тау-кен өнеркәсібінде және басқа да салаларда қалыптасқан жағдайды және Президенттің еңбекті қорғау жүйесін реформалау туралы бастамасын қолдай отырып, Қор кәсіподақтар мен компаниялар арасында ашық диалогты бастауды ұсынады.
Сондай-ақ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жұмысшылардың кәсіптік салалық бірлестіктерін қауіпсіздік техникасының сақталуына деген қоғамдық бақылауды күшейту бастамасын қолдауға шақырады.
«Әділдік және өркендеу» барлық мемлекеттік органдармен, ең алдымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен тығыз ынтымақтастыққа дайын.
Мемлекет, қоғам және жұмысшылардың өзара бірлескен күш-жігерімен ғана Қазақстанның әрбір еңбек адамын қорғап, қолдай аламыз.