Қордың Қызылорда облысындағы белсендісі Анар Ізден Шымкенттегі «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өңірлік өкілдерінің кездесуінде маусымдық жұмысшылардың құқықтарын қорғау және Қордың Қызылордадағы филиалы қызметінің басқа да бағыттары жайлы айтты.
«Біз Қормен бірге облыстағы бірқатар маңызды және өзекті міндетті жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Біріншісі - жұмысшылардың құқықтарын қорғау және олардың түрлі мүмкіндікке қол жеткізуі. Екіншісі - жобалық қызмет. Біз Қормен бірге үш негізгі бағыт бойынша дамуға ниеттіміз. Біріншіден, бұл ауылдардағы жергілікті қоғамдастықты дамыту және жұмысшылардың, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, маусымдық жұмысшылардың өзекті мәселелерін шешуге қол жеткізу. Екіншіден, маусымдық жұмысшылардың құқықтарын қорғау. Осы бағытта біз Қызылорда облысындағы қызметімізге баса назар аударамыз. Біз қазірдің өзінде бұл жұмысты бастап кеттік. Қызылорда облысында 2023 жылы маусымдық жұмысшыларға қатысты 34 еңбек шарты тіркелген, бұл өте аз, өйткені тек Арал ауданында 300-ге жуық балықшы, маусымдық жұмысшылар бар. Олардан бөлек, ауыл шаруашылығы, туризм саласының қызметкерлері, яғни өздерінің кәсіби дағдыларына байланысты белгілі бір маусымдық уақытта ғана жұмыс істеуге мүмкіндігі бар қызметкерлер де жоқ емес. Біздің үшінші бағытымыз -ҮЕҰ мен БАҚ өкілдерін еңбек адамдарының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша оқыту. Біз еңбек ұжымдары және кәсіподақтармен бірлесіп, бұл жұмысты атқара алатын сарапшылар, консультанттар және медиаторлардың нақты және кәсіби деңгейдегі пулын құрғымыз келеді», - деді Анар Ізден.