Ақтау қаласында ҚР Ішкі стер вице-министрі, генерал-майор полициясы Айдар Сайтбеков еліміздің он аймағында су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысқан еріктілермен жүздесті.
Кездесу барысында вице-министр табиғи апатпен күреске атсалысқан барша маңғыстаулыққа ризашылығын білдіріп, ел үшін аса күрделі кезеңде белсенділік танытқан еріктілерді атап өтті. Олардың қатарында «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының Маңғыстаудағы өңірлік филиалының өкілдері де болды.
«Волонтерлік – мемлекет пен қоғам дамуының айқын көрінісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деген еді. Сіздер сын сағатта сабырлық танытып, қиындыққа мойыған жоқсыздар, ең бастысы елмен бірге болдыңыздар. Кез келген апат айтып келмейді, қандай жағдай болмасын өздеріңіздей елін сүйген азаматтар тұрғанда, мемлекетіміздің болашағына алаңдамауға болады. Біз сіздерді мақтан тұтамыз, сіздерге деген алғысымыз шексіз», - деді Айдар Сайтбеков.
Еркін форматта еріктілермен тілдескен вице-министр қоғам белсенділері мен еріктілердің ұсыныстарын тыңдап, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді. Ішкі істер органдарына қолдау көрсетіп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысқан белсенділерге бірқатар ерікті министр мен вице-министрдің алғыс хаттарын алды.
Марапатқа ие болғандардың қатарында «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының Маңғыстаудағы жақтастары да болды.
Айта кетерлігі,«Әділдік және өркендеу» ҚҚ Ақмола облысындағы белсенділері Солтүстік Қазақстан өңірінде зардап шеккен халыққа 1 жарым тонна гуманитарлық жүк жөнелткен болатын. Кейін олар Атбасар тұрғындарына да қол ұшын созды. Қордың Түркістан облысы, Шымкент және Астана қалаларындағы өкілдері де зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберді. Ал, Қостанай өңірінің белсенділері керек-жарақпен қатар моторлы қайық сатып алып, техниканы Торғай өлкесіне жөнелтті. Қор өкілдері су тасқыны болған аймақтағы белсенділер құтқарушыларға бөгеттер мен қорғаныс құрылыстарын салуға да қатысты. Сонымен қатар ұйым қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен облыс тұрғындарының атына бір күндік табысын аударды.