Новости КАЗ

Г. МЕЛДЕСПАЕВА: «Әділдік және өркендеу» Қоры әділетсіздікпен күресуге қауқарлы

Гүлзира Мелдеспаева - Қордың Маңғыстау өңіріндегі белсендісі. Көпбалалы ананың Қорға келу жолы ерекше. Ол өзі баспана мәселесін шеше алмай, ұйым өкілдерінің көмегіне жүгінді. Сол кезде ол Қор қызметіне атсалысу туралы шешім қабылдады.

«Әділетсіздікпен бетпе-бет келмеген адам жоқ шығар. Осы күнге дейін мен өзім бірнеше рет осындай жағдайларға тап болдым. Осы Қордың ашылғанын естігенде, сенбей қалдым. Өйткені халықтың қорларға деген сенімі жоқ. «Әділдік және өркендеу» Қоры маған баспана мәселесі бойынша арыз жазуға көмектесті, осы проблеманың басын ашуға жәрдем берді. Сол кезде мен де осы Қорда ерікті ретінде жұмыс істегім келді. Әділетсіздікке кезіккен адамдарға көмектескім келді. Содан бері осы қордың қатарында жүрмін. Бұл ұйымның ашылуы, шын мәнісінде, қуанатын жайт. Қордың сөзі өтетініне көзім жетті. Біз еркін сөйлей аламыз. Проблемаларды БАҚ өкілдеріне жеткізуге қауқарымыз бар»,- деді белсенді.