Новости КАЗ

Жосықсыз жұмыс беруші реестрі: қандай компания реестрге қосылады

Жұмысшы құқығын бұзған кез келген жұмыс беруші Реестрге енгізілуі мүмкін. Бұған жалақының төленбеуі, денсаулыққа қауіпті жағдайда жұмыс істеуге мәжбүрлеу, төленетін еңбек демалысын беруден бас тарту, заңсыз жұмыстан шығару сынды Еңбек кодексінің 22-бабында көрсетілген жайттар негіз бола алады.

Айта кетері, реестрге қосу үшін жұмысшы мен жұмыс беруші арасында еңбек шартының болуы маңызды емес. Қолында шарт болмаса да, жұмысшының Кодексте көрсетілген құқығы бар. Еңбек құқығы бұзылса, бізге хабарлаңыз adildik.org.kz.

2024 жылғы 12 желтоқсанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры өзінің жаңа бастамасын жариялаған болатын. Жосықсыз жұмыс берушілер тізімінің мақсаты – жұмыс берушінің еңбек заңнамасын сақтауына қоғамдық бақылауды күшейту. Еңбек кодексін бұзу жайттарын жария ету.

Реестрде заңды тұлғаның атауы, мекенжайы, саласы, құқықбұзушылық түрі мен саны және т.б. деректер болады.

Жосықсыз жұмыс берушілердің алғашқы реестрі биыл наурыз айында жарияланады.