Болашақ мамандықтар
Алдағы 5 жылда Қарағанды облысында тау-кен өнеркәсібі, құрылыс және көлік саласындағы мамандарға сұраныс артатын болады. Сондай ақ, аймаққа робот құрастырушылар, IT-тау-кен мен сервистік мамандар қажет болады. Керісінше, облыста соңғы жылдары басшылар мен мемлекеттік қызметшілерге деген сұраныс төмендеп кеткен.
Мұндай болжамымен Статистика комитеті бөлісіп отыр. Еңбек министрлігінің бұйрығымен әзірленген «Жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы» бойынша барлық салалар цифрландыру және ІТ-технологиялар көмегімен дамиды. Оның негізінде жаңа мамандықтар пайда болады.
Қарағанды шахталары ерте ме, кеш пе цифрлық жүйеге ауысады. Пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және талдау дрондар мен бақылау камералары арқылы жүзеге асырылады. Күрделі операциялар үшін мұнда жасанды интеллект де қолданылады.
Болашақта тау-кен кәсіпорындары үшін роботтарды әзірлеушілер мен құрастырушылар, IT-тау-кен мамандары, цифрлық тау-кен инфрақұрылымының сәулетшілері, тау-кен бағдарламашылары мен экономистері, рекультивация мамандары, яғни тау-кен жұмыстарынан кейін жерді қалпына келтіру және абаттандыру мамандары қажет болады.
Бұдан бөлек құрылыс саласында, соның ішінде материалдар өндірісінде, қызмет көрсету секторында, коммуналдық қызметтерде де жаңашылдықтар күтілуде. Бір қызығы, Қарағанды колледждері оқу жоспарларына «Полимер өндірісінің технологиясы», «Жылжымайтын мүлікті басқару», «Газбен жабдықтау жүйелерін монтаждау және пайдалану», «ТКШ инженерлік жүйелерін орнату және пайдалану» сияқты т.б жаңа мамандықтарды әзірден енгізіп жатыр.
Қазір облыста 1 миллион 135 мың адам тұрады. Оның 80% қала тұрғындары.