Новости КАЗ

Ақтөбелік белсенділер үйлерді су тасқынынан құтқарып жатыр

Еліміздегі ахуалға бей-жай қарап отыра алмайтын қазақстандықтар су тасқынына қарсы күрес жұмыстарына белсенді атсалысып жатыр. Олардың арасында «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қордың Ақтөбедегі өкілдігінің басшысы Александр Мандрыкин бар.

Білікті инженер-эколог және қоғам қайраткері әріптестерімен бірге алдын ала арнайы жұмыс тобын ұйымдастырды. Олар үлкен суды тоқтату үшін қауіпті жерлерде топырақ сеуіп, уақытша бөгеттер жасады. Жұмыс тобы қабылдаған шаралардың арқасында 50 үйдің 30-ы су басудан құтқарылды.

Бұған дейін белсенділер бір күндік жалақысын мұқтаж жандарға аударып, материалдық қолдау көрсеткен болатын.