Новости КАЗ

Қордың Жетісудағы өкілдері жұмыссыз қалған қазақстандықтарды медициналық сақтандыру мәселесін қозғады

Жетісудағы «Әділдік және Өркендеу» Қорының өңірлік белсенділері Талдықорған жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен кездесіп, жұмыссыз адамдарды медициналық сақтандыру мәселесін талқылады. Әсіресе, ресми тіркелген жұмыссыздардың статистикасына басымдық берілді.
Мансап орталығының директоры Азамат Далтабековтың айтуынша, заңсыз жұмыс істейтін кейбір азаматтар жұмыссыз мәртебесін алып, соның арқасында медициналық көмекке жүгінетін деректер жоқ емес. Мысалы, бүгінде бұл тізімде 6000 адам болса, медициналық жәрдем алғандар саны одан әлдеқайда аз.

Талдықорған қаласының жұмыспен қамту орталығы басшысының хабарлауынша, қазір мамандар жұмыссыз мәртебесі бар азаматтарды тексеріп жатыр. Нәтижесінде олардың ақылы қызметтерді орындап жүргені анықталды. Әсіресе, такси жүргізішілері арасында осындай жағдай жиі кезігеді.

«Тіркелген жұмыссыздар саны шамамен 6 мыңды құрайды. Мәртебесін асыра пайдаланып жүргендерге түрлі шаралар қолданылады, мәселен заңды бұзғандарды қоғамдық жұмыстарға тартамыз. 6 мыңның ішіндегі 4800 – 4900-ге жуық адам еш жерде жұмыс істемеген. Көбіне, адамдар медициналық жарнаны төлемеу үшін жұмыссыз болып тіркеледі. Бұл санаттағылар үшін қаражатты мемлекет төлейді. Кейбір такси жүргізушілері еш жерде жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, бірақ жұмыссыздар мәртебесін алады», - деді Азамат Далтабеков.

«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының белсенділері әлеуметтік қиындықтарға тап болған жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың проблемаларына жұртшылықтың назарын аударуға ниетті.

Мемлекеттік сектор өкілдерімен кездесулерде жұртшылық медициналық сақтандыру және медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселесін жиі көтереді. Қордың жанынан Денсаулық сақтау жөніндегі қоғамдық комиссия құрылды, кейін ол уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберәлетін МӘМС жүйесін жақсарту жөнінде ұсыныстар жинау және ұсынымдар қалыптастырумен айналысады.