«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының мониторингтік тобы «Саналы ұлтқа - сапалы жол» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысының жол учаскелерін тексеруді жалғастырып жатыр.
Бұл жолы сарапшы Азамат Мусилов Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы республикалық маңызы бар жолды күтіп ұстау және жаңарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын бағалады.
Автожолдың 72 шақырымды құрайтын екі учаскесін жөндеу 2022 - жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілді. 0-36 шақырым учаскесіндегі жұмыстарды «Казкомсервис» ЖШС жүргізсе, 108-144 шақырымдағы учаскені «ДСК Приоритет» ЖШС мердігерлік ұйымы жөндеді. Жобалардың жалпы құны 41,2 млрд теңгеге тең.
«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының Батыс Қазақстан облысындағы белсендісі Азамат Мусиловтың айтуынша, Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы автотрассасының жол жамылғысының күйі сын көтермейді.
«Автожолдың кішігірім екі жолақты учаскелерінде асфальт төселген. Бүкіл трасса бойынша көлік қозғалысына қауіпті жерлер бар. Жол бойында бірнеше жерде ені, ұзындығы және тереңдігі әртүрлі шұңқырлар байқалады. Салдарынан мұндағы көлік қозғалысы қауіп туғызып отыр. Кей жерлерде асфальт жарылып, шөгінділер пайда болды. Шұңқырлардың тереңдігі әртүрлі», - деді белсенді.
Сонымен қатар республикалық трассаны қайта салуды жобалау кезінде оның орналасқан жерінің географиялық ландшафты және көктемде еритін судың көлемі ескерілмеген. Салдарынан 35 шақырым жол учаскесі топан сумен шайылып кетті.
«Жол бойында шағын құбырлардың орнатылуына байланысты ені 13 метрге тең учаскеде жол төсемі жарылды. Бұл жолды су басып, асфальт кей жерлерде мүлдем бұзылып кетті. Трассада жүк көліктері көп жүреді, яғни жол төсемінің жүктемесі көп, нашар төселген асфальт одан әрі бұзылады», - деп болжады Азамат Мусилов.
Қоғам белсенділері жол бойындағы инфрақұрылымды да бақылады. Тексеріс кезінде аялдама павильондарының ластануы анықталды. Олар тұрмыстық қоқыстар мен пластикалық бөтелкелерге толы. Аялдамалар боялмаған және дер кезінде әктелмеген. Тіпті жол бойында дәретханалар да жоқ.
Автожолды зерттеу қорытындысы бойынша «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының мониторингтік тобының құрамына кіретін сарапшы бірқатар ұсыныс әзірледі.
Атап айтқанда, су тасқынының салдарын бағалау мақсатында Республикалық маңызы бар Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы жолындағы ақауларды анықтау ұсынылды. Барлық жөндеу жұмысы техникалық қадағалау өкілінің тұрақты қатысуымен жүргізілуі тиіс, автожолдың жекелеген учаскелерін жөндеу жұмыстары толық тексерілгені абзал.
Естеріңізге сала кетейік, «Жол сапасы» қоғамдық мониторинг жобасы мамыр айының басында жүзеге аса бастады. «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры ел өңірлеріндегі автомобиль жолдарын тексеріп шығуды жоспарлап отыр. Бірінші кезекте республикалық маңызы бар Чапаев – Қазтал – Жәнібек – РФ шекарасы жолы мен Орал – Атырау автотрассасының жай-күйі анықталды.
Жоба аяқталғаннан кейін Қор мониторингтің барлық нәтижесін жинақтап, ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстарын Үкіметке жібереді.