Новости КАЗ

Маңғыстаулықтар су тасқынынан зардап шеккен Атырау тұрғындарына көмек қолын созып жатыр

Атырау облысы көктемгі алапат сумен әлі де күресіп жатыр. Өңірдің мыңдаған тұрғыны көршілес аймақтарға эвакуацияланды. Біраз Атырау облысындағы Күлсары қаласының тұрғындары Маңғыстау облысына келіп түсті. Оларға мектеп, колледж, жатақханалардан орын бөлініп, келген адамдар сол жаққа орналастыруда.
«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Маңғыстау облысындағы өкілдігінің белсенділері үкіметтік емес ұйымдар және кәсіпкерлермен бірлесіп, Маңғыстау туризм колледжінің студенттер жатақханасында орналастырылған 122 адамды түскі аспен, азық-түлікпен, керек жарақпен қамтамасыз етіп отыр. Бұл игі іс әлі де жалғасуда, себебі өңірге тағы атыраулықтар келеді күтіліп отыр.
Маңғыстау өңірінің азаматтары да Атырау тұрғындарына сын сағатта жан жақты қолдау көрсетіп жатыр. Осындай қиын қыстау кезеңде қарапайым халық адамгершілік қасиеттерін танытып, бірі атыраулықтарды өз үйіне кіргізіп, тамақ, төсек орнын берсе, енді бірі қаржылай гуманитарлық көмек көрсетті.

Игі іс әлі де жалғасуда, әлі біршама Атыраудан адам келеді деп күтілуде. Сын сағатта жан жақты қолдау көрсетілуде, күшіміз бірлікте!

Естеріңізге салайық, бұған дейін «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ белсенділері су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға бір күндік жалақысын аударды. Қордың түрлі өңірдегі өкілдері жергілікті атқарушы органдар және еріктілермен бірлесе отырып, қолдан келгенше жәрдем беруде.