Ақмолалық белсенділер топан судан зардап шегіп, баспанасы мен бар дүние-мүлкінен айырылып қалған аймақтарға гуманитарлық жүк жөнелтуді жалғастырып жатыр. Бұл жолғы сапар өңірдегі төтенше жағдай жарияланып, жүзден астам үйлері мен әлеуметтік нысандарын қарғын су басып қалған Атбасар ауданына жолданды. «Әділдік және Өркендеу» Қорының Ақмола облысындағы өкілдігінің бастамасын «Agro Norm» ЖШС-і қолдап, демеу берді. Сондай-ақ бұл игі іс-шараға Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, «Жастар парламенті» және «Желтоқсан 1986 - Ақмола» қоғамдық бірлестігі атсалысты.
«Табиғи апаттың салдарынан зардап шеккен азаматтарға аса қажетті заттардың тізімі алдын ала әзірленіп, қолдау білдірген демеушілердің көмегімен сатып алынды. Тасқын судың салдарынан аймақтағы бірқатар ауылда ауызсу тапшылығы ерекше байқалады. Сондай-ақ азық-түлік, төсек-орын, резеңке етік сияқты қажеттіліктер бар болып шықты»,-деп хабарлады «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Ақмола өңіріндегі белсендісі Абзал Тоқанов.
Зардап шеккен атбасарлық ағайынға Көкшетаудан ауыз су, өсімдік майы, матрас, резеңке етік сияқты қажетті дүниелер тиеліп, барлығы 2 тоннаға жуық көмек жеткізілді. Ел басына күн туған қиын шақта Қор белсенділері қайырымдылық пен ізгілікті бойына жиған атымтай жомарт азаматтармен бірге гуманитарлық көмек жолдау шарасын жалғастырмақ ниетте.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірер күн бұрын «Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қорының Ақмола өңіріндегі белсенділері СҚО-ғы зардап шеккен халыққа 1 жарым тонна гуманитарлық жүк жөнелткен болатын. Қордың Түркістан облысы, Шымкент және Астана қалаларындағы өкілдері де зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберді. Ал, Қостанай өңірінің белсенділері керек-жарақпен қатар моторлы қайық сатып алып, техниканы Торғай өлкесіне жөнелтті. Қор өкілдері су тасқыны болған аймақтағы белсенділер құтқарушыларға бөгеттер мен қорғаныс құрылыстарын салуға да қатысты. Сонымен қатар ұйым қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен облыс тұрғындарының атына бір күндік табысын аударды.