«Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Шымкент қаласындағы өкілдік жетекшісі Эльенора Ағабекқызы «HAN-TV» телеарнасындағы «Таң сәрі» ақпараттық сазды бағдарламасының қонағы болды. Белсенді көрермендерге Қордың басты мақсаттары мен міндеттері жайында айтып, негізгі құжат – Манифест-үндеудің 6 негізгі қағидасына тоқталып өтті.
Сондай-ақ Эльенора Ағабекқызы еңбек адамдарының құқығын қорғау мен «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ жүргізген әлеуметтік мониторинг туралы сөз қозғады.
«Қордың барлық өңірдегі өкілдіктері мониторинг жүргізді. Сол арқылы біз халықтың МӘМС жүйесіне деген көзқарасын білдік. Мониторинг қорытындысы бойынша медициналық сақтандыруды қолдамайтын азаматтардың бар екенін білдік. Біз алдағы уақытта да осы процестің динамикасын көріп отыруымыз керек»,-деді белсенді.
Эльенора Ағабекқызы «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ ашқан қоғамдық қабылдаулардың жұмысы жайлы ақпар берді. Ол әр адам осы қабылдауға келіп, көкейіндегі сұрақтарды қойып, оған кәсіби мамандардан жауап алатынын жеткізді. Және де Қор өкілдері осы проблемаларды жауапты ведомстволарға жіберіп, оларды шешу жолдарын ұсынатынын хабарлады.
«Адамдар қоғамдық қабылдауларға несие төлемдерін кейінге шегеру, жұмыс орнынан заңсыз шығару сынды мәселелерімен келеді. Заңгерлеріміздің сауатты консультация беруінің арқасында бұл азаматтардың түйіткілдері өз шешімін тауып жатыр. Жұмыс орнына қайта оралғандар да бар», – деді Қор өкілі.
Сондай-ақ сұхбат барысында Э.Ағабекқызы елімізде болып жатқан су тасқыны кезінде «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ белсенділері жұдырықтай жұмылып, зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жібергенін және төтенше жағдай жарияланған облыстардағы Қордың белсенділері де бей-жай қарамай, су тасқынына қарсы күрес шараларына атсалысқанын ерекше атап өтті.
«Біз бірінші күннен бастап гуманитарлық көмек жібере бастадық. Ең алдымен, зардап шеккен өңірлерге хабарласып, қажетті заттар тізімін біліп алдық. Сол тізімге сәйкес шамдар, етіктер, күректер, қаптар жөнелттік. Енді су басқан өңірлерді қалпына келтіру жұмыстарына көп күш қажет болып тұр. Сол себепті қазір біз қаламыздан еріктілерді жинап жатырмыз. Олардың жол ақысы мен жататын орындарын төлейміз. Әр қазақстандық осы науқанға өз үлесін қосса деп ойлаймыз», - деді Э.Ағабекқызы.
Естеріңізге салайық, бұған дейін «Әділдік және Өркендеу» ҚҚ Ақмола облысындағы белсенділері Солтүстік Қазақстан өңірінде зардап шеккен халыққа 1 жарым тонна гуманитарлық жүк жөнелткен болатын. Кейін олар Атбасар тұрғындарына да қол ұшын созды. Қордың Түркістан облысы, Шымкент және Астана қалаларындағы өкілдері де зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберді. Ал, Қостанай өңірінің белсенділері керек-жарақпен қатар моторлы қайық сатып алып, техниканы Торғай өлкесіне жөнелтті. Қор өкілдері су тасқыны болған аймақтағы белсенділер құтқарушыларға бөгеттер мен қорғаныс құрылыстарын салуға да қатысты. Сонымен қатар ұйым қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен облыс тұрғындарының атына бір күндік табысын аударды.